Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстанда халықаралық форум өткізуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстанда халықаралық форум өткізуді ұсынды

Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстанда халықаралық форум өткізуді ұсынды

Қазақстан өз жерінде "Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бастауымен төзімділік, дінаралық ауызбірлік , қоғамдық және ұлтаралық келісім мәселелері бойынша халықаралық форум өткізуге дайын". Бұл туралы бүгін, 1-қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парламент сессиясының ашылуында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2005
  • 467
Фото - Caravan.kz

Президенттің пікірінше, «қоғамда төзімділік, бейбітшілік пен тұрақтылық, конфессияаралық келісімді нығайту бағытында Қазақстан жинақтаған, еуропалық сипаттағы және азиялық дәстүрлерге негізделген тәжірибе Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қазіргі әлемнің көп қырлылығы мен ашық демократиялық қоғам құрудың сан алуан жолдары туралы пайым-көзқарасын біршама байыта түсуге көмек болады». «Бұл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қазіргі заманғы басты қауіп-қатерлерге лайықты әрі қауырт жауап беруге мүмкіндік берер еді»,- деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау туралы мәлімдемесі «республиканың ішкі және сыртқы саяси мақсат-мүдделеріне сәйкесетін, ең бастысы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ХХІ ғасырдағы ролін дамыта нығайту мүддесіне сай келетін жүйелі мұрат болмақ». «Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен арадағы ынтымақтастықты елдің ұлттық мүддесіне сәйкесетін ара байланыс ретінде бұдан былай да қарқынды дамытпақ ниетте»,- деп мәлімдеді президент.
Осыған байланысты мемлекет басшысы өз әкімшілігіне Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасауға кешенді дайындық бағдарламасын жасауды тапсырды. «Бұл бағдарлама үкіметке, мүдделі министрліктер мен мекемелерге оны жүзеге асыру бағытында тиісті міндеттемелер жүктеуге тиіс». Сонымен бірге президент парламент мәжілісіне «адам құқығы мен бостандығына қатысты халықаралық іргелі құқықтық құжаттарды бекіту процессіне кірісуге» нұсқау берді.
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төрағалық жасауға ниет білдіріп отырғаны мәлім.

Перейти к новостям спорта