Назарбаев Головкинге: "Сен айрықша табандылық таныттың" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Головкинге: "Сен айрықша табандылық таныттың"

Назарбаев Головкинге: "Сен айрықша табандылық таныттың"

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарындағы Лас-Вегаста өткен WBA, WBC, IBO, IBF және The ring тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек аяқталған соң Геннадий Головкинге жеделхат жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

  • 17 Қыркүйек 2017
  • 214
Фото - Caravan.kz


"Миллиондаған қазақстандықтар саған бір ауыздан қызу қолдау көрсетті. Сен тартысты әрі жанкешті жекпе-жекте айрықша табандылық танытып, қажымас қайрат пен асқан шеберлік көрсеттің. Сенің кәсіпқойлығың, зор қабілетің, қол жеткізген абырой-беделің, ең бастысы — өз ісіңе шексіз адалдығың келешектегі жарқын жеңістеріңнің кепілі бола берсін:, – делінген жаделхатта.
 

Соңғы жаңалықтар