Назарбаев ИКҰ мемлекеттерін энергетика саласында бірлесе қимылдауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 537.34
  • 623.05
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев ИКҰ мемлекеттерін энергетика саласында бірлесе қимылдауға шақырды

Назарбаев ИКҰ мемлекеттерін энергетика саласында бірлесе қимылдауға шақырды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттерге энергетика саласындағы инвестициялық-технологиялық ынтымақтастықтың бірлескен іс жоспарын әзірлеуді ұсынды.

  • 28 Маусым 2011
  • 347
Фото - Caravan.kz

«Ислам әлемі шикізат векторынан индустриалды-инновациялық дамуға көшуі қажет. ИКҰ елдеріне энергетика саласында инвестициялық-технологиялық ынтымақтастықтың бірлескен іс-жоспарын әзірлеп, халықаралық инновация орталығын құруды ұсынамын», — деді ол Ұйымның сейсенбі күні Астанада өтіп жатқан 38-ші сессиясында.

Н.Назарбаевтың айтуынша, энергетика саласына ауқымды инвестиция қажет, бұл қазіргі «өмірден туған қажеттілік». «Халықаралық энергетика агенттігінің бағамдауынша, 2030 жылға дейін энергия көздерін өндіріп, тасымалдауға 17 трлн доллар шығындауға тура келеді», — деп қосты ол.

Перейти к новостям спорта