Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 503.17
  • 600.89
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады.

  • 30 Қазан 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Lion Air» әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Индонезия халқына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін», – делінген жеделхатта.

Таңертең индонезиялық Lion Air авиакомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы теңізге құлады. Ұшақта Қазақстан азаматының бар-жоғын ҚР СІМ анықтады. Сонымен қатар, ұшаққа қанша адам отырғаны белгілі болды.