Жарияланды: 570

Назарбаев ислам елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін өзара көмек көрсету жүйесін құру арқылы нығайтуды ұсынады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ислам елдерінің өзара көмек көрсету жүйесін құру арқылы азық-түлік-қауіпсіздігін нығайтуды ұсынады.

«Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) шеңберінде азық-түліктік көмек жүйесін құруды ұсынамын. Оған Ислам даму банкінің (ИДБ) құрылымында ФАО сияқты аймақтық қор мен ИКҰ мүше-елдердің азық-түлік пулдарын құру негіз бола алады», - деді президент сәрсенбі күні VII дүниежүзілік исламдық экономикалық форумда. Осыған байланысты қордың штаб-пәтерін «азық-түліктің экспорттық әлеуетін қарқынды түрде дамытып отырған ел ретінде Қазақстанда орналастыруды» ұсынамын. ФАО (FAO) – БҰҰ-ның азық-түлік ауыл шаруашылық ұйымы. Бұрын хабарланғандай, 8 маусымда ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дүниежүзілік исламдық экономикалық форум өз жұмысын бастады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін