Назарбаев ислам елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін өзара көмек көрсету жүйесін құру арқылы нығайтуды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев ислам елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін өзара көмек көрсету жүйесін құру арқылы нығайтуды ұсынады

Назарбаев ислам елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін өзара көмек көрсету жүйесін құру арқылы нығайтуды ұсынады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ислам елдерінің өзара көмек көрсету жүйесін құру арқылы азық-түлік-қауіпсіздігін нығайтуды ұсынады.

  • 8 Маусым 2011
  • 558
Фото - Caravan.kz

«Азық-түлік қауіпсіздігін нығайту мақсатында Ислам Конференциясы Ұйымы (ИКҰ) шеңберінде азық-түліктік көмек жүйесін құруды ұсынамын. Оған Ислам даму банкінің (ИДБ) құрылымында ФАО сияқты аймақтық қор мен ИКҰ мүше-елдердің азық-түлік пулдарын құру негіз бола алады», — деді президент сәрсенбі күні VII дүниежүзілік исламдық экономикалық форумда.

Осыған байланысты қордың штаб-пәтерін «азық-түліктің экспорттық әлеуетін қарқынды түрде дамытып отырған ел ретінде Қазақстанда орналастыруды» ұсынамын.

ФАО (FAO) – БҰҰ-ның азық-түлік ауыл шаруашылық ұйымы.

Бұрын хабарланғандай, 8 маусымда ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен дүниежүзілік исламдық экономикалық форум өз жұмысын бастады.

Соңғы жаңалықтар