Назарбаев кеме апатына байланысты Ресей президентіне көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев кеме апатына байланысты Ресей президентіне көңіл айтты

Назарбаев кеме апатына байланысты Ресей президентіне көңіл айтты

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевке «Булгария» кемесінің апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдады. Бұл туралы сейсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Шiлде 2011
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Волгада талай адамның өмірін қиған «Булгария» теплоходындағы апат туралы хабарды естігенде қабырғам қайысты.

Осындай қаралы күні мен өзімнің және барша қазақстандықтардың атынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Оларға біздің ыстық ықыласымызды жеткізуіңізді сұраймыз», — делінген хабарламада.
Теплоход өткен жексенбі күні Куйбышев су қоймасына батып кеткен. Кемедегі 200 шақты адамның 80-ге жуығы құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар