Назарбаев Керримен кездесіп ағынан жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Керримен кездесіп ағынан жарылды

Назарбаев Керримен кездесіп ағынан жарылды

Орта Азияның 5 мемлекетін аралауға шыққан АҚШ мемлекеттік хатшысы Астанаға келді. Джон Керриді бүгін Ақордада қабылдаған мемлекет басшысы Американың Қазақстан тәуелсіздігін үнемі қолдап келгені үшін алғысын білдіріп ағынан жарылды.

  • 3 Қараша 2015
  • 312
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Сіздің мемлекетіңізбен үнемі жақсы қарым-қатынастамыз. Қазақстан халқы тәуелсіздігімізге көрсетілген  ұдайы қолдауыңыз үшін алғыс білдіреді.Бұл аймақпен жақынырақ танысу  үшін алғаш рет келіп отырыз. АҚШ-тың экономикалық тұрғыда бізді қолдауы өте маңызды.    

АҚШ мемлекеттік хатшысының Орта Азияны аралауы бекер емес. Ауғанстан мен Сириядағы қақтығыс бұл аймаққа жайылып содырлардың сойқан салуы әбден мүмкін. Осы тұста Америка көмекке келуге дайын. Әрі Джон Керри Орта Азияға Ресей мен Қытайдың ықпалын азайтып, саяси белсенділігін бұдан ары арттыруды көздеп отыр. Геосаясаттан бөлек, мемлекеттік хатшы Американың коммерциялық жобаларын түгендеп келгені анық. Сондықтан Назарбаев Керриге АҚШ-тың Қазақстандағы ең ірі инвестор екенін айтып, алыс-берісті ұлғайта беруге келісті.

Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы:

-Сіз жақында Нью-йоркте президент Обамен кездесіп, ядролық қаруды таратпау жайында сөйлестіңіз. Бұл бастамаларыңызды қолдаймыз. Америка үшін Қазақстан сенімді серіктес. Қауіпсіздік тұрғысында да келісіп істейтін жұмыстар бар.

Соңғы жаңалықтар