Қауіпсіздік кеңесінде Еуразиялық Одақтағы Қазақстанның орны, алыс-беріс кезінде Қазақстан өз мүддесін қалай қорғап жатқаны сөз болды. Себебі Батыс пен Ресейдің текетіресі, одаққа мүше елдердің арасындағы сауда саттықты азайтып жіберген. Отандық кәсіпкерлерді мемлекеттің демейтінін айтқан Назарбаев интеграциялық ұйымды тек экономикалық жоба екенін тағы қайталады. Кеңесте талқыланған екінші, мәселе Сирия мен Ауғанстандағы қақтығыс, экстремистерден қорғану жайы. Ұлттық қауіпсіздікке қатысты құпия мәліметтер айтылатындықтан отырыстың негізгі бөлігі жабық есік жағдайында жалғасты.