Елбасының шығыс өңірге сапары осылай «ҚазЦинк» компаниясының ұжымымен кездесуден басталды. Президент металлургтердің еңбегін жоғары бағалап, құрылғыға да оң бағасын берді. Әсіресе, «Жаңа металургия» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан істерге көңілі толған. Оның үстіне, Елбасы бұл саланың бірегей маманы ретінде оның дамуын әрдайым қадағалап отыратынын да жеткізді. Жаңа құрылғы зауыт жұмысын біршама жеңілдетіп, жетілдіре түсуі тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, онлайн жүйесінде Павлодар мен Теміртаудағы металлургтермен де тілдесті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
— Қазақстан индустриясының дамуы ылғи мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Тек бір жылдың өзінде облыста 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Ол арқылы жаңа өсіп келе жатқан жастар жұмыс алды деп айту керек.