Ақордаға премьер Кәрім Мәсімов, Энергетика вице-министрі Қарабалин, «Қазмұнайгаз» бен «Самұрық-Қазынаның» басшылары шақыртылған. Назарбаев, ел бюджетін жауып отырған мұнайға бағаның күн сайын құлдырауына байланысты өте сауатты әрекет етуге тапсырма берді. Қазір Үкімет мұнай 30 долларға түскен жағдайға арнайы жоспар жасап қойған. Сонымен қатар, президент оңтүстік өңірлерді газбен қамтып энергия тасымалдау үшін инфрақұрылымды жақсартуды жүктеді.