Назарбаев: Мьянмадағы зорлық-зомбылықты тоқтатып, диалогты БҰҰ аясында жалғастыру керек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Мьянмадағы зорлық-зомбылықты тоқтатып, диалогты БҰҰ аясында жалғастыру керек

Назарбаев: Мьянмадағы зорлық-зомбылықты тоқтатып, диалогты БҰҰ аясында жалғастыру керек

Елбасы Мьянмада болып жатқан қанды оқиғаға қатысты пікір білдіріп, мәселені ары қарай БҰҰ аясында шешуді ұсынды.

  • 10 Қыркүйек 2017
  • 256
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Шақыруымды қабыл алып, күллі ислам үмбетінің ажырамас бөлігі саналатын қонақжай қазақ еліне, Астанамызға келгендеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін. Өкінішке орай соңғы кездері мұсылман үмбеті талай ауыр сынақтармен бетпе-бет келіп отырғанын бәріміз білеміз. Біріншіден, экстремистік және террористік ұйымдар кеңінен етек алуда. Олардың лаңкестік әрекеттерінен бірінші кезекте мұсылман елдерінің өздері зардап шегіп отыр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы, екіншіден, негізгі қауіп мұсылмандардан төніп тұр деген исламофобиялық пікір қоғам ішінде, Батыста кең таралып жатқанын, Батыс елдерінде мұсылмандарға қарсы қылмыстық әрекеттер саны жыл сайын көбейіп отырғандығын баса айтты. “Жақында Мьянмада болған шиеленіске қатысты алаңдаушылығымызды бәріміз білдіреміз. Барлық тарапты зорлық-зомбылықты дереу тоқтатып, диалогты Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында жалғастыруға шақырамыз. Үшіншіден, 1,5 миллиардтан астам адамды біріктіретін ислам әлемі бүгінде, өкінішке қарай, ауыз біршілік таныта алмай отыр. Содан біз көп ұтылып отырмыз. Мұсылмандар арасындағы бытыраңқылық пен конфессияға бөлінуді сыртқы күштер өз мүддесіне пайдалануда. Біз мұны артта қалдыруымзы керек”, – деді Қазақстан Президенті.