Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.
Саяси ұйым төрағасы осыдан бірнеше күн бұрын осы отырысты өткізу жөніндегі қаулыға қол қойып, алдағы Мәжіліс сайлауына қызу дайындық жүргізу керектігін айтқан болатын. Ал бүгінгі жиында қандай мәселелер көтеріледі?
Рауан Мыңбаев, тілші:
— Саяси кеңес отырысының өтуіне санаулы сағаттар қалды. Отырысқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Сондай-ақ жиынға әкімдер, фракция, жастар ұйымдарының мүшелері қатысады. Тақырып алдағы Мәжіліс сайлауына дайындық болмақ. Саяси шараға дайындық барысы талқыланады. Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының халыққа жақын болуы туралы нақты тапсырма жүктеген. Бүгінгі отырыс барысында оның барысы егжей-тегжей талқыланады. Қазір жиынға дайындық жүріп жатыр. Орындықытар, мінбер дайын.