Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады

Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады

Бүгін елордада Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді. Жиынға Тұңғыш президент - елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

  • 21 Тамыз 2019
  • 36
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Саяси ұйым төрағасы осыдан бірнеше күн бұрын осы отырысты өткізу жөніндегі қаулыға қол қойып, алдағы Мәжіліс сайлауына қызу дайындық жүргізу керектігін айтқан болатын. Ал бүгінгі жиында қандай мәселелер көтеріледі? 

Рауан Мыңбаев, тілші:

— Саяси кеңес отырысының өтуіне санаулы сағаттар қалды. Отырысқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Сондай-ақ жиынға әкімдер, фракция, жастар ұйымдарының мүшелері қатысады. Тақырып алдағы Мәжіліс сайлауына дайындық болмақ. Саяси шараға дайындық барысы талқыланады. Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының халыққа жақын болуы туралы нақты тапсырма жүктеген. Бүгінгі отырыс барысында оның барысы егжей-тегжей талқыланады. Қазір жиынға дайындық жүріп жатыр. Орындықытар, мінбер дайын.

 

Соңғы жаңалықтар