Назарбаев Обамен не туралы сөйлескенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Обамен не туралы сөйлескенін айтты

Назарбаев Обамен не туралы сөйлескенін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Обамен не туралы сөйлескені  жайында айтты. Ақорда мен Ақ үйдің қожайындары Бірікке Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының жиыны барысында емен-жарқын әңгімелесті.

  • 1 Қазан 2015
  • 201
Фото - Caravan.kz

Тығыз жұмыс кестелеріне қарамастан кездесуге уақыт тапқан Назарбаев пен Обама екі елдің арасындағы қарым-қатынасты талқылаған. Оған жоғары баға берген Елбасы Америка президентіне жеке өзі бастап Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты. Ал бірнеше күн бойы Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясында бастамалар көтерген Елбасы сапарының соңында Обамамен не туралы сөйлескенін отандық тілшілерге айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


Обама мырза, Украина мен Сирияға қатысты Ресей президентімен сөйлескендерін айтты. Ал менің 7 жыл бойы Америка басшысымен жұмысым нәтижелі болды. Елде 500 АҚШ кәсіпорны бар, құйылған инвестиция көлемі 30 миллиард доллар. Біз Американың тәуелсіздігімізді қолдап, экономикалық тұрғыда әрі қарай демей бергенін қалаймыз.