Назарбаев өкілеттігін тоқтатар кезде кімге хабарласқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев өкілеттігін тоқтатар кезде кімге хабарласқанын айтты

Назарбаев өкілеттігін тоқтатар кезде кімге хабарласқанын айтты

 

  • 22 Қазан 2021
  • 1162
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы өкілеттігін тоқтататынын қай елдің президентіне бірінші айтқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Назарбаев "Штрихи к портрету. Откровение" деректі фильмінде айтты.

"Мұндай нәрсені жан-жаққа айтуға болмайды. Ешкімге айтқан жоқпын. Тек сол күні ертеңгісін Путинге (Ресей президенті Владимир Путин — авт.) хабарластым, қанша дегенмен көршіміз ғой. Ол қатты таңғалды. "Бүгін кешке хабарланады, оны менің аузымнан естігеніңіз жөн деп шештім" дедім. Болды. Басқа елдердің басшылары мұны білген жоқ", — деді Назарбаев.

Еске салайық, 2019 жылы 19 наурызда Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын
мәлімдеген
болатын.