«Назарбаев орталығының» ұжымы апатқа ұшырағандардың отбасылары үшін көмек қорына біркүндік жалақыларын аударды
«Назарбаев орталығы» көп салалы ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері 2012 жылдың 25 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің АН-72 әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан шекарашылар мен экипаж мүшелерінің отбасылары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. |
«Назарбаев орталығының» ұжымы бірауыздан апатқа ұшырағандардың отбасылары үшін көмек қорына біркүндік жалақыларын аударуға шешім қабылдады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін