Назарбаев осы аптада барлық деңгей әкімдерімен кеңес өткізеді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада барлық деңгей әкімдерімен кеңес өткізеді. Бұл туралы президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Алтай Абибуллаев мәлімдеді. |
«28 қараша Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен кеңейтілген кеңес өткізіледі. Оған барлық деңгей әкімдері қатысады», - деп А.Абибуллаев бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
Кеңесте аймақтарды дамыту, әлеуметтік-экономикалық тапсырмалар, сондай-ақ облыстарда мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен инвестиция тарту, индустриалдық-инновациялық жобаларды ілгерілету мәселелері талқыланады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін