Сыйымдылығы үш мың адамға арналған Алла үйін салу жалпы Түркістанның 1500 жылдығын тойлау кезінде келісілген. Аумағы екі гектар жерді алып жатқан мешіт құрылысына түріктер 2 миллиард теңгеге жуық қаржы құйыпты. Көркі көз тартар осы зәулім мешітте жұма намазды оқып шыққан мемлекет басшылары ары қарай Әзірет Сұлтан кесенесіне барып, құран бағыштады. Одан соң Қазақ-Түрік университетінің шәкіртерімен жолығып, ол жерде Ердоғанға осы оқу орнының құрметті профессоры атағы берілді.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:
-Әлемдік саяси аренадағы жағдай бәрімізге мәлім. Украина, Сирия, Ирак секілді елдердегі дүрбелең халықаралық жағдайды шиеленістіріп тұрған тұста туыстық, достық қарым-қатынасымызды мықтай түсуіміз қажет. Мен өзімнің және Түркия мемлекетінің атынан қазақтарға алғыс білдіргім келеді.