Назарбаев пен Кәрімов екі жақты және аймақтық ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев пен Кәрімов екі жақты және аймақтық ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады

Назарбаев пен Кәрімов екі жақты және аймақтық ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді талқылады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның Өзбекстандық әріптесі Ислам Кәрімов 23-ақпанда телефон арқылы әңгімелесіп, оның барысында екі жақты және аймақтық ынтымақтастыққа қатысты кейбір өзекті мәселелерді, сондай-ақ, халықаралық лаңкестік пен діни экстремизммен күрес саласындағы екі елдің ықпалдастығы туралы талқылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Ақпан 2005
  • 366
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшылары халықаралық лаңкестік пен діни экстремизммен күрестің барлық бағыттары бойынша іс-қызметті үйлестіру үшін екі елдің құқық қорғау мекемелері жетекшілерінің кездесуі мен келіссөздерін өткізуге уағдаласты.

Президенттер «су тауқыметін де» сарапқа салды. И.Кәрімов Өзбек жағының Шардара су қоймасынан Арнасай ойпатына су жіберуге әзір екенін тағы бір дәлелдеді. Қазақстанынң оңтүстік өңірлерін су басып кету қаупінің алдын алу үшін көптеген өзбек отбасыларын елдің ішіне қарай көшіру қиындығы туындағанына қарамастан біз дайынбыз деді ол. Н.Назарбаев Өзбек әріптесіне ризашылық білдірді.
Бұған қоса президенттер өзара сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге келісті.
Телефон арқылы өрбіген сұхбат барысында И.Кәрімов кейбір бұқаралық ақпарат құралдары таратқан «Өзбекстан СІМ Қазақстан президентінің бастамаларын негізсіз деп атады» деген хабарламаға Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің қатысы жоқ деп мәлімдеді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «дәстүрлі телефон арқылы сұхбат достық және өзара түсіністік жағдайыднда өтті».

Перейти к новостям спорта