Назарбаев пен Путин Оралда екі елдің шекаралық аймақтарының тауар өндірушілерінің аймақаралық көрмесіне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев пен Путин Оралда екі елдің  шекаралық аймақтарының тауар өндірушілерінің аймақаралық көрмесіне қатысты

Назарбаев пен Путин Оралда екі елдің шекаралық аймақтарының тауар өндірушілерінің аймақаралық көрмесіне қатысты

ОРАЛ. 3-қазан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Оралда екі елдің шекаралық аймақтарының тауар өндірушілерінің аймақаралық көрмесіне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 3 Қазан 2006
  • 391
Фото - Caravan.kz

Көрме аясында «Тасқала- Озинки» көлік-логистикалық орталығы мен халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының тұсаукесері өткізілді. Бұлар Қазақстан мен Ресей арасындағы табысты дамып келе жатқан ықпалдастыққа қосымша серпін беруге тиіс.

Биылғы жыл Қазақстанда Пушкин жылы, ал Ресейде Абай жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы жылдың басында екі мемлекет басшысы Мәскеу орталығында ұлы қазақ ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевқа ескерткіш ашты.

Бүгін екі президент «А.Пушкин Оралда» атты мұражай экспозицияларының ашлыуына қатысып, орыс ақынының Орал өңірінде болған кезіне қатысты мұрағат материалдарымен танысты.

«Қазақстанда ондаған театрлар, мұражайлар, орталық көшелер, даңғылдар мен мектептер қазңр Пушкиннің атында. Тек тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда ұлы орыс ақынына екі ескерткіш ашылды»,- деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта