Назарбаев пен үлкен Буш Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев пен үлкен Буш Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын талқылады

Назарбаев пен үлкен Буш Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын талқылады

ВАШИНГТОН. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш "Уокер поинт" қонысында Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын талқылады, деп хабарлады Вашингтондағы АҚШ елшісі Қанат Саудабаев.

  • 27 Қыркүйек 2006
  • 729
Фото - Caravan.kz

«Екі лидер кездесуде тек өткен шақ туралы әңгіме өрбітіп қана қоймай, Қазақстан мен Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының болашағын да талқылағаны аса маңызды оқиға болмақ»,- деді кездесуге тікелей қатысқан Қ.Саудабаев.

«Бұл бір-бірін көптен бері жақсы білетін екі адамның меймандос жарқын кездесуі болды. Мұндай қабылдау арқылы Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен құрмет-ілтипат белгісі танытылып, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы ұлығаусар табыстарын мойындау ишарасы жасалды»,- деді ол.

«Қазақстанның осы уақыт ішінде жүріп өткен жолын үлкен Джордж Буш қана лайықты бағалай алады. АҚШ президенті ретінде Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған да сол, екі жақты қарым-қатынастардың іргетасын қалаған да сол. Еске аларлық нәрселер сол себепті көп болды»,- деді Қ.Саудабаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта