Назарбаев президенттің жалғыздығы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев президенттің жалғыздығы туралы айтты

Назарбаев президенттің жалғыздығы туралы айтты

Президент кеңесшілері ұсыныс жасағанмен мойнына жауапкершілік алмайтынын атап өтті.

  • 13 Желтоқсан 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Президенттің Телерадиокешені архивтегі видеодан үзінді жариялады, онда Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысының жалғыздығы туралы айтқан, деп хабарлады 

"Нағыз лидер болудың қиындығы сол, тек алға қарауың керек. Сен жетектегі адам емессің, жетекшісің. Қайда бастайтыныңды білуге тиіссің", — деді Назарбаев.

Президент "снаряд әкеліп беретін" көптеген кеңесшісі мен көмекшісі бар екенін атап өтті. Олар жазып, талдау жасағанмен ешқандай жауапкершілік алмайды.  

"Міне, осылай да, осылай деп ұсыныс жасайды, бірақ шешімді сен қабылдауың керек, олар жазғандары үшін жауап бермейді. Президент шешім қабылдап, сол шешіміне жауап беруі тиіс. Осы жерде президенттің жалғыздығы сезіледі. Жалғыз өзің отырып, жұмыс істейсің", — деп түйіндеді мемлекет басшысы.     


 

Соңғы жаңалықтар