Мемлекет басшысы «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында шетелдерден Қазақстанға қазақ тарихына қатысы бар 5 мыңнан астам материалдың көшірмелері әкелінгенін айтты. «Енді сіз бен бізге осы жылдар ішінде табылған мұраны кешенді және жан-жақты зерттеу жұмысы тұр. Шетел мұрағаттарынан орасан зор ақшаға сатып алынған құжаттарды біздің мұрағаттарымызда шаңға бастырып қоюға әсте болмайды», — деп атап көрсетті ол. «Сондықтан, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында табылған барлық материалдарды ғылыми айналысқа жіберуді қадағалау керек», — деді Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті