Назарбаев Қазақстанда исламдық банкингті дамытуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Қазақстанда исламдық банкингті дамытуға шақырды

Назарбаев Қазақстанда исламдық банкингті дамытуға шақырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НазарбаевҚазақстанда исламдық банкингті дамытуға шақырды.

  • 10 Маусым 2011
  • 342
Фото - Caravan.kz

«Біз көптеген мәселелерді талқыладық. Өз еліміз үшін түсінгеніміз, онда ақша бар, және айтарлықтай көлемдегі ақша, қазір бізде жүргізіліп отырған исламдық банкингті дамыту керек. Көптеген елдер, мысалы, Малайзия, осының есебінен өз дамуы үшін ондаған миллиард доллар алады, біз де исламдық банкингті дамыта отырып, бұл қаржылық өнімнің Қазақстанда да жұмыс істегеніне қол жеткізе аламыз», — деді Н.Назарбаев Астананың «Жасыл белдеуіне» бару кезінде Астанада аяқталған Дүниежүзілік исламдық экономикалық форумның қорытындысы туралы сұрақтарына жауап бергенде.

«Біздің компаниялар көптеген елдермен (ДИЭФ аясында — ҚазТАГ) ынтымақтастық туралы, инвестиция тарту туралы уағдаласты, осыған байланысты біз Қазақстан үшін исламдық банкингке жол аштық», — деді президент.

Ол аталған форумда Қазақстан өзін силам әлемі үшін таныстырғанын айтты. «Бұл біздің еліміз үшін маңызы жоғары елеулі оқиға болды деп ойлаймын», — деді ол.

ҚР президенті сөзін қорытындылай отырып, форумды өткізу деңгейіне қанағаттанарлық сезім білдірді.

Соңғы жаңалықтар