Назарбаев Қазақстанда патриоттық фильмдер түсіру қажеттілігін атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Қазақстанда патриоттық фильмдер түсіру қажеттілігін атап өтті

Назарбаев Қазақстанда патриоттық фильмдер түсіру қажеттілігін атап өтті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда бейсенбіде "Қазақфильм" АҚ басшысы Ермек Аманшаевпен отандық кинематографияның қазіргі жағдайы мен даму келешегін, киностудияның жоспарларын талқылады.

  • 21 Тамыз 2014
  • 575
Фото - Caravan.kz

"Нұрсұлтан Назарбаев патриоттық тақырыптағы фильмдердің қажеттілігіне тоқталды, өйткені олар өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне жақсы ықпал етуге тиіс", деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.

Президент Қазақ хандығының әр түрлі тарихи мерзімдеріне арналған киноленталарды түсірудің өзекті екендігін атап өтті.

"Қазақфильм" деректеріне қарағанда, жылдың соңына дейін киностудия прокатқа әр түрлі тақырыпта 8 фильм шығармақ. Қазақстандық картиналардың өткен жылы 1 млн аса көрермені болды.


Перейти к новостям спорта