Назарбаев: Қазақстанда салықтың тек үш түрін қалдырамыз - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Қазақстанда салықтың тек үш түрін қалдырамыз

Назарбаев: Қазақстанда салықтың тек үш түрін қалдырамыз

2017 жылы Қазақстан қазіргі құн салығынан бас тартып, салықтың тек үш түрімен жұмыс істейді.

  • 30 Қараша 2015
  • 908
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» тақырыбында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мəлім етті.

«2017 жылы  қазіргі құн  салығының орнына біз сатудан түсетін салық түрін енгізуіміз керек. Тиімсіз салықтық жеңілдіктердің барлығынан бас тартқан дұрыс. Салық жүйесін оңтайландыру керек. Салықтың тек үш түрін қалдыру керек. Біріншісі, бəрімізге белгілі үш ортақ салық. Екіншіден, жеке кəсіпкерлерге арналған салық, үшінші салық түрі ретінде шағын жəне орта кəсіпкерлік пен аграрлық секторға арналған арнайы салық режимін енгізуіміз керек», – деген елбасы бұл тетік көлеңкелі экономикамен күресуде өте тиімді болатынын жеткізді.


«Үкіметтің басты  міндеті – салық жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету. Тек осы шаралар арқылы экономикадағы əрбір субъект салықты толығымен төлейтін болады», – деп атап өтті президент.

Соңғы жаңалықтар