Назарбаев Қазақстанды Ұлы дала елі деп атауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Қазақстанды Ұлы дала елі деп атауды ұсынды

Назарбаев Қазақстанды Ұлы дала елі деп атауды ұсынды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев республикамызды «Ұлы дала елі» деп атауды ұсынды.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 1755
Фото - Caravan.kz


«Біз тарихымыздың жаңа шамын жақтық. Сондықтан да біздің Қазақстанымыз – «Ұлы дала елі». Бұл қайта түлеген ұлы дала елі, көпэтносты ұлтымыздың бесігі мен үйі», — деді ол жұма күні Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған салтанатты жиында.
«Құрметті ағайын, біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан бері Ұлы дала деп, ал бабаларымызды Ұлы даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз. Ұлы даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең байтақ ұлы даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып, жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы дала елі. Бұл – біздің тағдырымыз. Біздің таңдауымыз осы. Мәңгілік елімізде бейбітшілік пен береке бола берсін! Халқымыз аман болсын!», — деді Н.Назарбаев.
«Қазақстан қашанда көршілермен арадағы достық пен өзара сенімді көздің қарашығындай сақтап, нығайтады және әлемдегі барлық мемлекеттермен жақсы қарым-қатынас орнатады» деді президент.

Соңғы жаңалықтар