Назарбаев қазақстандық өндірісте шығарылған костюм мен аяқ киім киіп жүргенін мақтан тұтады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев қазақстандық өндірісте шығарылған костюм мен аяқ киім киіп жүргенін мақтан тұтады

Назарбаев қазақстандық өндірісте шығарылған костюм мен аяқ киім киіп жүргенін мақтан тұтады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық кәсіпкерлерді өз өндірістерін дамытуға және «Қазақстанда жасалған» маркілі өнім шығаруға шақырды.

  • 17 Қыркүйек 2015
  • 1148
Фото - Caravan.kz


"Жергілікті өндірісті дамыту керек. Бүгін екі кәсіпорыннан «Қазақстанда жасалған» деген жазуды көріп қуанып қалдым»», деді Н.Назарбаев бейсенбіде Атырау қаласында Атырау, Ақтөбе,Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары әкімдерінің қатысуымен өткен жиында.
Н.Назарбаев өзін мысалға келтірді, «қазақстандық өнімді жарнамалаушымын», деді.
"Үстімдегі костюм Қазақстанда шығарылған, деп президент пиджагының астарындағы этикетканы көрсетті. Туфлиім де қазақстандық, деді ол.
Елбасы алдыңғы қатарда отырған инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевті көрсетіп ,оны да костюмі қазақстандық деп айтты, министр оның сөзін  қолдап басын изеді.
Жиынға дейін Н.Назарбаев "АтырауНефтеМаш" зауытында және оптикалық кабель шығаратын "ПКФ Континент Ко ЛТД" ЖШС –нің зауытында болды.

Соңғы жаңалықтар