Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Қазақстан мәдениеті, әдебиеті , тарихы, қазақша оқытылуы тиіс. Жартылыстану ағылшынша, ал орыс тілі пән ретінде қалуы тиіс. Ал соңғы сыныптағылар ағылшын сыныбына түгел көшуі керек. Кезінде малайлар солай істеген.
Осылай деген президент Білім министрлігіне арнайы бағдарлама жасап, оқушылар мен студенттерді қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқытуға көшіруді міндеттеді. Сонымен қатар ұлтаралық радикализм мен діни алауыздықтың өршуіне қатал тосқауыл қоюды тапсырды. Жастардың патриоттық тәрбиесі туралы айта келе, Елбасы полицейлерді келеке қылатын сериалдарды сынап отансүйгіштікті нығайтатын жаңа жобаларды қолға алу керектігін айтты. Арандатуға ермей, ішкі бірлікті сақтауға шақырған Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі дем берді ме, бүгін мінбеген шығып сөй сөйлегендер мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдайтындарын айтып ағынан жарылды.
Ұлданай Әлімбаева, көп балалы ана:
-Елімізде 8 миллион әйел бар екені айтылды жаңа. Олардың әрқайсысы 10 бала тапса. Құрметті Елбасы жігіттер жағдай жасаса,қыздар қолдайды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Сол жағы қиын боп тұр ма? Кезінде көп отбасылар көшіп кетті. Азайып қалдық. Құдайға шүкір енді 20 миллионға жетсек дейсіз. Жеткіземіз. Сіздердің арқаларыңызда.