Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысын оқушыларға көрсеткен қамқорлығы үшін мақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысын оқушыларға көрсеткен қамқорлығы үшін мақтады

Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысын оқушыларға көрсеткен қамқорлығы үшін мақтады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басшысы Владимир Школьникті әлеуметтік жобалар жүзеге асыруды қолға алып, қазақстандық оқушыларға қамқорлық көрсете бастағаны үшін мақтады.

  • 3 Маусым 2011
  • 540
Фото - Caravan.kz

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте мәлімдегендей, бүгінгі күні қалада 6 ірі құрылыс жүріп жатыр, оның 4-еуі биыл – ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында салынып бітеді. Бұл ағылшын үлгісіндегі Хэйли Бери мектебі, күмбезді мешіт, телерадиокешен, оқушылар сарайы, соңғысының құрылысын «Қазатомөнеркәсіп» қаржыландырып отыр.

«Мен кеше ол жерде (оқушылар сарайында — ҚазТАГ) болдым, құрылыс салынады. Бұл – ерекше нысан, ондай жоқ шығар, Владимир Сергеевич?», — деді ол компанияның басшысына қаратып айтқан сөзінде.

«Балалар туралы ойлай бастағаның дұрыс», — деп қолдады мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар