Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте мәлімдегендей, бүгінгі күні қалада 6 ірі құрылыс жүріп жатыр, оның 4-еуі биыл – ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында салынып бітеді. Бұл ағылшын үлгісіндегі Хэйли Бери мектебі, күмбезді мешіт, телерадиокешен, оқушылар сарайы, соңғысының құрылысын «Қазатомөнеркәсіп» қаржыландырып отыр.
«Мен кеше ол жерде (оқушылар сарайында — ҚазТАГ) болдым, құрылыс салынады. Бұл – ерекше нысан, ондай жоқ шығар, Владимир Сергеевич?», — деді ол компанияның басшысына қаратып айтқан сөзінде.
«Балалар туралы ойлай бастағаның дұрыс», — деп қолдады мемлекет басшысы.