Назарбаев Қырғызстандағы президент сайлауына араласты деген қауесетті жалған деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Қырғызстандағы президент сайлауына араласты деген қауесетті жалған деп атады

Назарбаев Қырғызстандағы президент сайлауына араласты деген қауесетті жалған деп атады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кейбір БАҚ-тарда жарияланған Қырғызстан президенттігіне оппозициялық үміткерді қолдайды деген материалдарды жалған деп атады.

  • 13 Қазан 2017
  • 235
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

"Мұның бәрі жалған", — деді Назарбаев ресейлік президенттің Сочидегі "Бочаров ручей" резиденциясында журналистердің сұрағына жауап беріп.  

Видео авторы: Кира Латухин ("Российская газета")

Еске салайық, Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Алмазбек Атамбаевтың президенттік мерзімі 1 желтоқсанда аяқталады. Конституция бойынша ол прзиденттікке қайта сайлауға түсе алмайды. президенттік Социал-демократиялық партиясынан үміткер Сооранбай Жээнбековтың негізгі қарсыласы Омурбек Бабанов. 

Қыркүйек айының соңында Қазақстан Президенті мен Бабановтың кездесуінен кейін Қырғызстан мен Қазақстан арасында дипломатиялық дау шыққан болатын. Ресми Бішкек Астананы "халық сайлауына араласуға әрекет жасады" деп айыптады. Ал бұған жауап ретінде ҚР СІМ өкілдері Назарбаевтың одан бұрын дәл осындай екіжақты кездесуді Жээнбековпен өткізгенін және осы кездесуде қазақстандық лидердің "Қырғыз Республикасының президенттігіне қандай да бір үміткерге қолдау білдіріп сөлемегенін" мәлімдеген.