«Біз министр мырзамен ядролық қарусыздануға байланысты мәселелерді талқыладық…Нью-Йорктегі БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның жетекшілігімен өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит өте маңызды, оған Қазақстан лидері қатысады», — деді М. Енча жұма күні ҚР СІМ басшысы Ержан Қазыхановпен кездесуден кейін.
ҚазТАГ-қа СІМ-нен хабарлағандай, бұл конференция қырқүйекте Нью-Йоркте БҰҰ шеңберінде өтеді; мемлекет басшысы бұл шараға қатысуға шақыру алған.