«Біз мұнай химиясы және мұнай өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорын құра отырып бұл саланы нығайтуды ұсынамыз», — деді Н. Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевпен бірлескен баспасөз мәслихатында.
«Қазақстан мұнайы мен газының негізгі бөлігі Еуропаға Ресейдің құбыр жүйесі арқылы жетеді. Бұған кері үрдіс те бар: біз биыл Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдауды жоспарлап отырмыз», — деп еске салды Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, екі ел Каспий қайраңында мұнай мен газдың жаңа кен орындарын анықтауда белсенді түрде ынтымақтасуда екендігін атап өтті.
«Энергетикадағы Ресей — Қазақстан ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие», — деп сөзін түйді Қазақстан президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті