Назарбаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді төтенше жағдайларда шұғыл әрекет ету тетіктерін жеделдете жасауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді төтенше жағдайларда шұғыл әрекет ету тетіктерін жеделдете жасауға шақырды

Назарбаев Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді төтенше жағдайларда шұғыл әрекет ету тетіктерін жеделдете жасауға шақырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер төтенше жағдайларда шұғыл әрекет ету тетіктерін жеделдете жасауы қажет. Бүгін, 5-шілдеде ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Н.Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2005
  • 408
Фото - Caravan.kz

«Лаңкестік әрекеттерге дер кезінде жауап қатумен бірге олардың алдын алуға шаралар қолданудың маңызы зор». Осыған байланысты Н.Назарбаевтың пайымдауынша, бірлескен антитеррорлық оқу-жаттығуларды одан әрі жалғастыру, жұмысына тыйым салынған лаңкестік ұйымдардың біртұтас реестрін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жеделдету қажет.

Сонымен бірге Елбасының пайымдауынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің лаңкестік, сепаратизм және экстремизммен күрес саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі бүгін қол қойылатын тұжырымдаманың маңызы зор.
«Орталық Азия аймағында таяуда болған оқиғалар діни және саяси экстремизм проблемасы Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер үшін күрделі қатерлердің бірі екенін тағы бір ескерткендей болды. Осыған байланысты Шанхай ынтымақтастығы ұйымы біздің елдерді лаңкестік қаупінен қорғайтын қалқан ролін атқаруға тиіс»,- деді Н.Назарбаев.

Перейти к новостям спорта