Назарбаев тасқынмен күресіп жатқан құтқарушыларға алғыс айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев тасқынмен күресіп жатқан құтқарушыларға алғыс айтты

Назарбаев тасқынмен күресіп жатқан құтқарушыларға алғыс айтты

Нұрсұлтан Назарбаев алапат су тасқынына қатысты арнайы мәлімдеме жасады. Қызыл судан  қатты зардап шегіп жатқан 5  облысқа  көмек көрсетілетініне уәде еткен президент жағдайдың толық бақылауда екенін айтты.

  • 17 Сәуiр 2015
  • 241
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Қардың жылдам еруі, күннің күрт жылынуы осындай жағдайға әкелді. Қазірдің өзінде 15 мың адам көшірілді, материалдық шығын бар. 5500 адам және 1500 техника жұмысқа тартылып, зардап шеккендерге көмек көрсетілуде. Бағымызға орай, адам шығыны жоқ. Төтенше жағдай мен басқа да қызметтердің өкілдері ерлікке пара-пар жұмыс атқаруда. Олардың бәріне зор ризашылығымды білдіремін. Мен өңірлердің әкімдерімен ұдайы байланысып отырмын. Қарағанды облысына 1 миллиард теңге бөлінді. Ол жақта су қайта бастады. Тасқын су мәселесін шешеміз деп ойлаймын, бұған қажетті ресурстардың бәрі бар, барлық мүмкіндіктер пайдаланылуда. Аса қатты алаңдауға ешқандай негіз жо
қ.