Назарбаев Таяу Шығыста ядролық қарудан ада аймақ құруға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Таяу Шығыста ядролық қарудан ада аймақ құруға шақырды

Назарбаев Таяу Шығыста ядролық қарудан ада аймақ құруға шақырды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам конференциясы ұйымының (ИКҰ) елдерін Таяу Шығыста ядролық қарудан ада аймақ құруға шақырды.

  • 28 Маусым 2011
  • 558
Фото - Caravan.kz

«Мен Қазақстан президенті, біздің халқымыздың атынан Таяу Шығыста ядролық қарудан ада аймақ құруға шақырамын», — деді ол сейсенбі күні СІМК сессиясында.

Ол жиналғандарға Қазақстан әлемдегі 4-ші ядролық-зымырандық арсеналдан бас тартып, Семей ядролық полигонын жапқанын еске салды.

«Қазақстан ядролық қарудан ада Орталықазиялық аймақтың белсенді қатысушысы болып отыр», — деп атап көрсетті ол.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы халықаралық терроризм ең алдымен мұсылман әлеміне үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтты.

Қазақстан президентінің пікірінше, Шығыс Иерусалим статусы мәселесінің шешілмеуі, босқындардың ауыр жағдайы Таяу Шығыста ғана емес, одан тыс жерлерде де күрделі ахуалдың көзіне айналып отыр.

Осы орайда Н. Назарбаев «ислам мемлекеттерінің терроризмге лайықты түрде қарсы тұру бойынша ортақ ұстаным шығару» қажеттігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар