Назарбаев Түркия мен Ресей арасындағы жанжалды шешу үшін комиссия құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Түркия мен Ресей арасындағы жанжалды шешу үшін комиссия құруды ұсынды

Назарбаев Түркия мен Ресей арасындағы жанжалды шешу үшін комиссия құруды ұсынды

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет Түркия мен Ресей арасындағы саяси жанжалға қатысты пікірін айтты. Су-24 ұшағын түрік әуе күштерінің атып түсіргенін қате деген Елбасы алаңдаушылығын да жасырған жоқ.

  • 1 Желтоқсан 2015
  • 612
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Біз Ресей мен Түркия арасында болған оқиғаға қатысты өкініш білдіреміз. Ресей бомбалаушы ұшағы Түркияға шабуылдаған жоқ, ол терроршылармен соғысуға барған. Біз әзірге оқиғаның анық-қанығын білмейміз. Мұны тез арада мемлекетаралық комиссия құрып анықтап, кінәлілерді жазалау керек. Қандай жағдай болмасын, екі жақты қарым-қатынасты бұзбау керек еді.

Жылдар бойы екі ел арасындағы байланысты жақсартуға күш салып келе жатқан Елбасы қазір бұл бастамасының тығырыққа тірелгенін айтып отыр. Өйткені, ресми Мәскеу мен Стамбул арасындағы жағдайдың ушыққаны сонша, бір-біріне санкциялар салуда. Саясаттың мұндай салқыны Орта Азия елдеріне де әсер етері анық. Сондықтан Назарбаев, Ресей мен Түркия арасында ушыққан жағдайға ағайындық жасамақшы. Бүгін Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Ақордаға қоңырау шалып, әріптесімен болған жәйтті талқылаған. Негізінен СУ-24 ұшағына қатысты сөз қозғаған Ердоған Ресей президентімен кездесуге әзір екенін айтыпты. Іс насырға шаппас үшін тараптар бар күшін салады дегенге Назарбаев та сенім білдірді. 

Соңғы жаңалықтар