Назарбаев Университеті жаңа факультеттер ашып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Университеті жаңа факультеттер ашып жатыр

Назарбаев Университеті жаңа факультеттер ашып жатыр

Халықаралық серіктес жоғары оқу орындарының делегациясы 19-21 маусым аралығында Назарбаев Университетінде ресми іссапармен болды.

  • 21 Маусым 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz

Осы сапардың қорытындысы бойынша, бүгін Университетте баспасөз мәслихаты өтуде. Оның күн тәртібіндегі басты мәселе — жаңа оқу жылынан бастап университетте ашылатын үш мектепті (факультетті) — Инженерия, Ғылым және технологиялар, Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектептерін таныстыру болды.

Назарбаев Университетінің бірегей тұжырымдамасына сәйкес, әр академиялық бағдарлама әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіретін халықаралық университеттермен серіктестікте әзірленіп отыр. Серіктес-университетпен бірлесіп оқу бағдарламасы жасалады, оқу стандарттары және оқу құралдарының тізімі бекітіледі, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы тартылады.

Баспасөз мәслихатына Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу мырза, Университеттің Foundation бағдарламасы және Инженерия мектебі бойынша серіктесі — Лондон Университет колледжінің, Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің серіктесі — американдық Висконсин-Мэдисон Университетінің, Ғылым және технологиялар мектебінің серіктесі — Карнеги Мелдон Университетінің ресми өкілдері қатысуда.

Назарбаев Университеті алғашқы студенттерін 2010 жылдың күзінде қабылдаған болатын. Қазір оқу орнында Foundation бағдарламасы бойынша бакалавриаттың бірінші базалық курсында 480 студент білім алуда. Жаңа оқу жылында бірінші курсқа тағы 500 студент қабылданбақ.

Соңғы жаңалықтар