«Назарбаев университетінің» генетик-ғалымдары жасанды өкпе жасауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Назарбаев университетінің» генетик-ғалымдары жасанды өкпе жасауға кірісті

«Назарбаев университетінің» генетик-ғалымдары жасанды өкпе жасауға кірісті

«Назарбаев университеті жанындағы Өмір туралы ғылымдар орталығы медицинаның регенеративтік бағыттары бойынша маңызды зерттеулер жүргізіп жатыр.

  • 1 Қараша 2012
  • 1068
Фото - Caravan.kz

Университет баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Назарбаев университетінің» регенеративті медицина саласындағы маңызды жобаларының бірі — балалардың жасанды өкпесін жасау жобасы болып табылады. «Бүгінгі таңда орталық ғалымдары оның прототипіне қол жеткізді», — делінген хабарламада.

Осы күні Астанада орталықтың мұрындық болуымен үлкен конференция өтіп жатыр. Онда Еуропа, Азия мен Солтүстік Америкадан келген геномика, геронтология, биомедицина және биоинженерия мамандары өмір туралы ғылымдар саласындағы соңғы жетістіктерді талқылауда.
Атап айтсақ, ғалымдар қарын қуысындағы лимфобездердің мүмкіндіктерін бауыр мен ұйқы безінің қызметін қалпына келтіруге пайдалану бағытындағы зерттеулердің нәтижелері; ұршықтың буынының түтік тәріздес сүйектердегі мезенхималдық жасушаларды пайдалану мәселелері талқыланып жатыр.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев университеті жанындағы ғылыми орталық та осы бағытта белсенді жұмыс атқарып жатыр. Орталық өмір сүру ұзақтығы саласында жасы 50-ден асқан азаматтар арасында зерттеу жүргізіп, Қазақстандағы егде адамның портретін жасауды жоспарлап отыр.
Осы бағыттағы нобайлы жоба Астанада жүзеге асырылмақ. Оған 500 адам қатысады.

Соңғы жаңалықтар