Назарбаев Университетінің жанынан Медицина мектебi ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев Университетінің жанынан Медицина мектебi ашылды

Назарбаев Университетінің жанынан Медицина мектебi ашылды

«Назарбаев Университетiнің» жанынан жоғары медициналық білім беретін Медицина мектебі ашылды.

  • 17 Тамыз 2015
  • 701
Фото - Caravan.kz

Питтсбург Университетiмен арадағы әріптестік аясында ашылған Медицина мектебi 20 студент пен 23 оқытушыны Биомедицина ғылымдарының кафедрасына қабылдап та үлгерген.

«Жалпы, бұл жобаның мақсаты  Орталық Азия бойынша биомедицинаның хабын құру. Көріп отырғанымдай, Медицина мектебінде инфрақұрылым, тиісті ресурстар және ең бастысы талапты студенттер бар»,-деді жаңадан ашылған мектептiң деканы — Глазго университетiнiң Медицина мектебiнiң деканы, танымал патоморфролог және  биомедицина саласының жасуша адгезиясын зерттейтiн маманы доктор Массимо Пинателли.

Медицина мектебінің ашылу салтанатына қатыса отырып, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой бұл мектеп Қазақстанның дамыған  елдердің қатарына қосылудағы мақсатын орындауға үлес қосады деп атап өтті.


Жаңа Медицина мектебіне қабылданған студенттер көпшілік алдында Гиппократ антын қабылдады.

Соңғы жаңалықтар