Назарбаев жапон мен қазақтың ұқсастығын айтып Синдзо Абэні таңқалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев жапон мен қазақтың ұқсастығын айтып Синдзо Абэні таңқалдырды

Назарбаев жапон мен қазақтың ұқсастығын айтып Синдзо Абэні таңқалдырды

Назарбаев қазақтардың кімге қатты ұқсайтынын тапты. Елімізге ресми сапармен келген Жапония премьер-министріне Елбасы қазақ пен жапонның бір-біріне аумайтынын айтқанда,

  • 28 Қазан 2015
  • 528
Фото - Caravan.kz

Синдзо Абэ келіссөз үстінде айналасына қарағыштай берді. Бірақ, түр ұқсастығынан бұрын — әлемнің дамыған төртінші экономикасы саналатын Токио табыс көзін іздеп келгені анық. Жапония қазақ жерінен атом электр станциясын тұрғызуға дайын, мұнайы мен металынан да үмітті.

Алғаш рет ауқымды делегациямен турнеге шыққан Жапония премьері өзінің Орта Азияны аралуын тариха оқиғаға теңеп отыр.

5 күнде 6 елде болған Синдзо Абэ әуелі Моңғолияда аялдап кейін Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстанда жалғастырып, бүгін ұзаққа созылған сапарын Қазақстанда түйіндеді. Түнде Катардан оралған Елбасы мәртебелі мейманды Ақордада барлық сән-салтанатпен қабылдады. Тіпті ресми әңгімеге кіріспес бұрын Назарбаев жапондар мен қазақтардың қатты ұқсайтынын айтып, әріптесін бір күлдіріп алды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

— Вы, посмотрите японцы казахи очень похожи друг на друга. Это о чем- то говорит? Историки говорят есть общие корни. Размещались не поймешь кто где. Я часто привожу слова вашего императора господина Акихито, который мы с ним встерчались. Он говорит в Азии мы спим под одной одеялом, но видим разные сны. У нас здесь Центральной Азии  тоже самое.

Түрдің ұқсастығынан бұрын ресми Токионың Астанада геосаяси ғана емес, үлкен коммерциялық мүддесі жатыр. Жапония Ресей мен Қытайдан қалыспай, Қазақстанның нарығына кіріп әсіресе, энергетикасы, мұнайы мен газынан дәмелі. Қазақтың қазба байлықтарының орнына жапондар озық  технологиясын бөлісіп, тіпті елімізде атом электор станциясын салуға құлшынып отыр.

Синдзо Абэ, Жапония премьер-министрі:

— Атом электр станциясының құрылысына қатысуға әзірміз. Барлық жағынан көмектесеміз. Қос ел ядролық қаруды таратпау жайында одақтас, әрі атомды бейбіт мақсатта қолдануды жақтаймыз.

Атом станциясын салуға Ресей де ниетті екенін ескерсек, енді түпкілікті шешім Ақорданың еншісінде . Ал Синдзо Абэмен ере келген  әлемге танымал 50-ден астам жапондық копорациялардың басшылары Қарағанды мен Қостанайда геологиялық барлау жүргізіп, металл іздемек. Қысқасы, бүгін ресми Токио мен Астана 700 миллион долларға бағаланаған 10 ауқымды жобаны жүзеге асыруға келісті.

Осылайша, аймақтағы геосаяси белсенділігін күшейтіп жатқан Токио Орта Азия елдерінің экономикасына  ақшаны миллиардтап құймақшы. Ал 9 жылдан соң алғаш рет Арқа төсіне келген Синдзо Абэ Астананың сәулетіне таңқалып, қаланың  бас жоспарын сызған атақты жерлесі Куракаваны мақтан тұтатынын айтып ағынан жарылды. Елордадан ерекше әсер алған мәртебелі мейман жапон мен қазақ расымен бір-біріне қатты ұқсайтынына көз жеткізіп, отанына ұшып кетті.

Соңғы жаңалықтар