Ақордаға жиі шақыртылатын «Экспо -2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов президент кабинетіне шетелдік жобалаушыларды ертіп келген. Олар Назарбаевқа халықаралық көрменің шар тәріздес болатын алып ғимаратын көрсетті. Мұны бірден ұнатқан Елбасы құрылысты бастауды тапсырды. Еңбегіне жоғары баға алған шетелдік компания «Экспоның» басты ғимараты атақты «Эйфель» мұнарасы мен Сиднейдегі опера театрынан асып түсетін әлемдік брендке айналады деп сендірді.