Жарияланды: 780

Назарбаевқа ислам әлемін дамытуға қосқан үлесі үшін ISESCO Shield алтын белгісі табыс етілді

Назарбаевқа ислам әлемін дамытуға қосқан үлесі үшін ISESCO Shield алтын белгісі табыс етілді

Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ислам әлемін дамытуға қосқан үлесі үшін жоғары награда табыс етілді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) бас директоры Әбдел-Әзиз Бен Осман Әл-Туейджриді қабылдау кезінде марапатталды. «Ә.Әл-Туейджри Мемлекет басшысына осы ұйымның жоғары наградасы – «LSESCO Shield» алтын белгісін ислам ынтымақтастығын нығайтуға, ислам әлемін дамытуға және жаһандық деңгейде гуманитарлық құндылықтарды алға жылжытуға қосқан аса үздік үлесі үшін тапсырды», - делінген сейсенбі күні Ақорданың сайтындағы ақпаратта. Осы күні Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Конференциясы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Президент ИКҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен кездесті.Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мәселелерін, сондай-ақ ИКҰ СІМК 38-ші сессиясының күн тәртібін талқылады. «Біз президент мырзамен Ислам Конференциясы Ұйымының болашақ қызметін талқыладық. Биылғы жылы Қазақстан Ұйымның төрағасы болды. Біз жемісті өзара іс-қимылға сенім артамыз. Осы тарихи кездесуге дайындықтың жоғары деңгейі біздің қаншалықты табысты ынтымақтастықта екенімізді көрсетті. Енді бізде жаңа идеялар, жаңа жобалар, тіпті жаңа эмблема пайда болды. Біз қазір ИКҰ жанынан адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрылуы үшін жұмыс істеудеміз, және бұл Астанадағы кездесудің тағы бір негізгі жетістігінің бірі болмақ, - деді Э.Ихсаноғлы. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Халықаралық әлем институтының президенті Терье Ред-Ларсенмен кездесті. «Мен президентке жақында Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Ю-мен кездескенімді айттым. Сингапур – бұл нағыз ғаламат ел. Және Ли Куан Ю, осы елдің лидері – сипгапурлық кереметтің негізін қалаушы. Мен мемлекет басшысына, Қазақстан соңғы 20 жыл ішінде дамудың таңқаларлық қарқынын көрсеткен ғаламат ел болып табылатынын айттым. Қазақстан лидері қазақстандық кереметтің құрушысы болып табылады. Астананың көшелерімен жүріп өтіп, соңғы 20 жыл ішінде орын алған таңданарлықтай әрі адам нанғысыз өзгерістерді өз көзіңмен көруге болады, - деп атап өтті Т.Ред-Ларсен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін