Назарбаевқа жаңа құрметті мәртебе берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаевқа жаңа құрметті мәртебе берілді

Назарбаевқа жаңа құрметті мәртебе берілді

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшылары консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесіне ие болды.

  • 29 Қараша 2019
  • 30
Фото - Caravan.kz

"Екінші консультативтік кездесуде делегация басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекеттері басшылары консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады", — деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, 28 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысу үшін Ташкентке барды. Кездесу осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Алғашқысы былтыр 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен еді.

 

Соңғы жаңалықтар