"Екінші консультативтік кездесуде делегация басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекеттері басшылары консультативтік кездесуінің құрметті төрағасы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады", — деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, 28 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысу үшін Ташкентке барды. Кездесу осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Алғашқысы былтыр 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен еді.
На второй Консультативной встрече главами делегаций было принято решение о присвоении Нурсултану Назарбаеву статуса Почетного Председателя Консультативной встречи глав государств Центральной Азии pic.twitter.com/qyKgLVPo5M
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) November 29, 2019