«Кез-келген Қазақстан азаматы секілді еліміздің жоғары лауазым иелері, олардың отбасы мүшелері мен туыс-туғандары туралы шындыққа мүлдем жанаспайтын ақпараттарды тарату деректері назардан тыс қалмауға тиіс деген пікірдеміз. Қасақана ғайбат айтушылар мен кінәлі азаматтар айтылған сөздері үшін жауапкершілік жүктеуге тиіс»,- делінген мәлімдемеде.
«Біз өз үміткеріміздің туыстарының жеке өміріне қатысты ақпараттар мен өз аттарын, кәсіпкерлік пен әкімшілік және қоғамдық іс-қызметтерін мемлекет басшысының беделіне және еліміздің абыройына тікелей немесе жанама түрде нұқсан келтіретін саяси тұрғыда боямаланған жалған ақпараттар тарату мақсатында пайдалану қадамдарына қатаң әрі үзілді-кесілді тосқауыл қоюға бағытталған ниетін қолдаймыз»,- делінген құжатта.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті