Назарбаевтың пайымдауынша, Қазақстанның қаржылық секторы сапалық жоғарғы даму деңгейіне көтерілуге тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаевтың пайымдауынша, Қазақстанның қаржылық секторы сапалық жоғарғы даму деңгейіне көтерілуге тиіс

Назарбаевтың пайымдауынша, Қазақстанның қаржылық секторы сапалық жоғарғы даму деңгейіне көтерілуге тиіс

"Қазақстанның қаржылық секторы сапалық жоғарғы даму деңгейіне көтерілуге тиіс". Бұл туралы бүгін, 24-қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің Ү конгрессінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Қараша 2005
  • 516
Фото - Caravan.kz

«Қаржы жүйесінің басты даму бағыттары сақтандыру рыногын дамыту, бағалы қағаздар рыногын дамыту, зейнетақы жинақтау жүйесін дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттарда белгіленген»,- деді президент. «Ендігі жерде сол бағдарламаларды сатылы түрде біртіндеп іске асыру үшін ілгері жылжыған жөн»,- деді ол.

Н.Назарбаев қазіргі таңда Қазақстанда кластерлік даму жөніндегі бастама жүзеге асырылып жатқанын, келешегі бар 7 пилоттық кластер айқындалғанын еске салды. Ол — туризм, азық-түлік өнеркәсібі, мұнайгаз саласында машина жасау, тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызметтер, металлургия және құрылыс материалдары болмақ. Еліміз бұл бағдарламаны жүзеге асыруға кірісіп те кетті. «Ең бастысы — өз кластерлерімізді әлемдік нарықта бәсекелестік қабілетке ие болдыру»,- деді президент.
«Кластерлерді құру жұмысы жаңадан қолға алынып жатқан сәтте қаржы секторы өзінің бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етіп үлгерді»,- деді президент.
«Қазақстанда қазіргі заманғы банк жүйесі қалыптасты. Коммерциялық банктер ұдайы бәсекелестік ахуалда белсенді дамып келеді. Олар елімізден тысқары рыноктарды де игеруде. Банк қызметінің нарығы қанығу сипатына көшті. Несиелерге қол жеткізу мүмкіндігі артты. Ипотекалық және тұтынушылық несиелер тарату жүйесі мен құрылыс жинақ ақша жүйесі дамып келеді. Төлем карточкалары әрбір қазақстандық тұтынатын дүниеге айнала бастады. Банк қызметін көрсету мәдениеті арта түсті»,- деді президент.
Н.Назарбаевтың айтуынша, елімізде сақтандыру рыногын дамытуда да елеулі ілгерілеушіліктер байқалуда. 2000-жылдан бері сақтандыру компанияларының жеке капиталы 16 есе, жеке активтері 9 есе өсті. Бұл — сақтандыру жүйесіне деген сенімнің де арта түскенін дәлелдейді.
«Қазақстанның әлемдік экономикаға қосатын үлесі де арта түсуде»,- деді Н.Назарбаев. «Елімізде сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптасқан. 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап валюталық операцияларды жүзеге асыруға салынған тыйым алынып, ұлттық валютаның толыққанды конвертациялану принципіне көшу ісі жүзеге асырылады»,- деді президент.
«Қаржылық жүйені дамыту нәтижелеріне мемлекет пен қаржылық сектордың ынтымақтастығының арқасында, еліміздің қаржыгерлерінің кәсіпқойлығы мен батылдығының арқасында қол жетті деп санаймын»,- деді Елбасы.

Перейти к новостям спорта