Назарбаевтың портреті ғимараттар мен кабинеттерде қалады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаевтың портреті ғимараттар мен кабинеттерде қалады

Назарбаевтың портреті ғимараттар мен кабинеттерде қалады

Нұрсұлтан Назарбаевтың портреттері мемлекеттік мекемелердің ғимараттары мен кабинеттерінде қалады. Бұл туралы Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

  • 20 Наурыз 2019
  • 26
Фото - Caravan.kz

«Сонымен қатар елбасыға құрметті сенатор мәртебесін беру керек деп санаймын. Тұңғыш президенттің фотосуретінің бәрі міндетті атрибут ретінде көпшілікке арналған ғимараттарда, мемлекеттік қызметкерлердің кабинеттерінде, оқу орындарының ғимаратында қалады», — дейді президент. 

Сондай-ақ, ол елбасының өмірлік іс-әрекеті «Тұңғыш президент туралы», «Елбасы туралы» заңдарға сәйкес қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

«Елбасыда барлық қызметтік инфрақұрылым сақталады. Нұрсұлтан Назарбаев — еліміздің тұңғыш әрі жалғыз елбасы болып қала бермек, ол — халықтың әкесі», — дейді Тоқаев. 


Айта кетсек, бүгін, 20 наурызда, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті атанды. Ол халықтың алдында ант қабылдады.

Соңғы жаңалықтар